Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті (090000, Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 208, анықтама үшін телефон 8 (7112) 50 03 55, 50 06 22) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау конкурсын жариялайды
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының азаматы, жасы жиырма беске толған; жоғары заңгерлік білімі; жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өтуі; келесі мәліметтердің болмауы: адамды әрекет етуге қабілетсіз немесе әрекет ету қабілеттілігі шектеулі деп танылғаны; жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыс жасағаны; өтелмеген немесе алынбаған соттылығы, мемлекеттік, әскери қызметтен; құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарынан; соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша босатылғаны; атқарушылық іс жүргізу бойынша берешектің және үш айдан артық мерзімді өндіріп алу бойынша берешегінің болуы; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепке алынғандығы; тұлғаны жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензиядан айыру.
Құжаттар 2021 жылдың 13 мамыр айынан 4 маусым айына дейін «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы қабылданады.
Аттестаттау 2021 жылдың маусым айының 15 күні 9-00 сағатта өткізіледі, Аттестаттау өткізілетін жері: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті.
Аттестаттауға қаралуға ұсынылатын құжаттардың тізбесі: жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш.