
Бүгін Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысы Жеңісі күніне арналған салтанатты шара өтті.
Шарада сөз алған департамент басшысы Әлия Тасыбаева ұжымдағы ер- азаматтарды қос мерекемен құттықтап, дендеріне саулық отбасыларына бақыт, қызметтеріне табыс тіледі.
Мерекенің құрметіне арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, басқа да ұжым қызметкерлері әріптес ер-азаматтарды төл мерекелерімен құттықтап лебіздерін жеткізді.
Сондай ақ, Департамент басшысы Әлия Тасыбаева бастаған ұжым қызметкерлері Мәңгілік алау басына барып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлердің ескерткіш тақтасына гүл дестелерін қойды.
БҚО ӘД баспасөз қызметі