Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті (090000, Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 208, анықтама үшін телефон 8 (7112) 50 03 55, 50 06 22) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау конкурсын жариялайды

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының азаматы, жасы жиырма беске толған; жоғары заңгерлік білімі;жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өтуі;наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепке алынғандығы туралы мәліметтердің болмауы.

Құжаттар 2021 жылдың 25 қаңтар айынан 17 ақпан айынадейін «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы қабылданады.

Аттестация 2021 жылдың ақпан айының 24 күні 9-00 сағатта өткізіледі, Аттестация өткізілетін жері:Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті.

Аттестацияда қаралуға ұсынылатын құжаттардың тізбесі:жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш.