
2025 жылы 21 қарашада Тасқала ауданының С. Жақсығұлов атындағы мектебінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған кездесу өтті.
Шараға БҚО Әділет департаментінің басшысы Тасыбаева Ә.А. және психолог-медиатор Хасанова М.М. қатысты.
Мамандар балаларға өз құқықтары мен міндеттері туралы айтып, түрлі жағдайларда өздерін қалай қорғау керектігін түсіндірді. Сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық дағдылары бойынша пайдалы кеңестер берілді.
Мұндай шаралар оқушылардың сенімділігін арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.