
2025 жылдың 14 қарашасы күні Ақжайық ауданының Чапаев ауылындағы Мәдениет үйінде "Ашық есік күні" акциясы өткізілді. Шараға Әділет департаменті басшының орынбасары Ә.Бектібаева, облыс прокуроры,облыс әкімінің орынбасары, адвокат және жеке сот орындаушылар қатысты. Шараның мақсаты тұрғындарға кәсіби заңгерлік көмек көрсету үшін және азаматтардың заң және құқық бойынша түсініктерін қалыптастыру мен жеке жауапкершіліктерін сезіндіру.
Шараға келген тұрғындар өздерін мазалаған сауалдарына жауап алды.