
2020 жылдың 14 қазаны күні Казталов ауданаралық Әділет басқармасы Казталов ауданы әкімі аппаратының, аудандық кірістер басқармасы, қазынашылық басқармасының қызметкерлері, жас мамандар және «Нұр Отан» партиясының өкілінің қатынасуымен «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде Әділет басқармасының басшысы Э.Кайсагалиева мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларына тоқтала келіп, Әдеп нормаларын сақтау- сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің алғы шарты екендігін айтып өтті.
Сонымен қатар қатынасушылар сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөнінде өз пікірлерін білдірді.