
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік)қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған қарқынды жұмыстар атқарылуда.
Осы бағыттағы жұмыстардың мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту үшін ай сайынғы негізде «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы ұйымдастырылып келеді.
Жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» акциясының қазан айындағы тақырыбы «Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» деп анықталып, мемлекеттік және ресми тілде тиісті бейне-дәрістер әзірленіп, Агенттіктің Youtube-арнасының «Адалдық сағаты»/«Час добропорядочности» бөлімдеріне орналастырылды.
Қосымша бейне-дәрістерге сілтемелер жалғанады:
https://youtu.be/6k3CdlKT6tw – мемлекеттік тілде,
https://youtu.be/oZQ0XSvz-WY – ресми тілде.