Ауылдық округ тұрғындарына онлайн қабылдау жүргізілді

Ауылдық округ тұрғындарына онлайн қабылдау жүргізілді

2025 жылдың 19 қыркүйегінде Әділет департаментінің басшы орынбасары А.Бектибаевамен және бөлім басшысы С.Ибрагимовамен, бас маман Г.Досмухамбетовамен Теректі ауданының ауылдық округтерінің тұрғындарына онлайн қабылдау өткізілді.
Қабылдау барысында азаматтарға зейнетақы алу мәселелері, тұрғын үй мәселелері, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, және басқа да құқықтық мәселелер бойынша кәсіби құқықтық кеңес берілді.

Бұл формат тұрғындардың құқықтық мәселелерін жылдам шешуге және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.