2025 жылғы 26 тамызда Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті мен «Достық алаңы» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігі бірлесіп «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-ның қызметкерлеріне арналған стресс-менеджмент бойынша арнайы тренинг өткізді.
Іс-шараның мақсаты — қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, стресс жағдайларын басқару дағдыларын дамыту және қызметтік міндеттерді орындау кезінде психологиялық төзімділігін нығайту.
Тренинг барысында қатысушылар:
• стрессті басқару және кәсіби күйзелістен сақтану әдістерімен танысты;
• жоғары жүктеме жағдайында эмоционалды тұрақтылықты арттыру техникаларын меңгерді;
• әріптестермен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын үйренді;
• өзін-өзі қолдау, релаксация жасау және психологиялық саулықты сақтау бойынша практикалық жаттығулар орындады.
Тренинг интерактивті түрде, заманауи білім беру әдістемелерін қолдана отырып өткізілді, бұл қызметкерлерге материалды тек меңгеріп қана қоймай, алынған дағдыларды кәсіби қызметте қолдануға мүмкіндік берді.