ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған қарқынды жұмыстар атқарылуда.
Осы бағыттағы жұмыстардың мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту үшін ай сайынғы негізде «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы ұйымдастырылып келеді.
Қыркүйек айындағы «Адалдық сағаты» жаңа форматта ұсынылып отыр.
Бұл «Адалдық сағаты» қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға, замандас және табысты жас көшбасшы Ренат Бектұровты танытқанымен ерекшеленді.Бейнедәріс барысында ол өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті.
Мемлекеттік және ресми тілдерде тиісті бейне-дәрістер әзірленіп, Youtubeарнасының «Адалдық сағаты»/«Час добропорядочности» бөлімдеріне орналастырылды.
Қосымша бейне-дәрістерге сілтемелер жалғанады:
https://www.youtube.com/watch?v=B1Ut1GzT00E&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN– мемлекеттік тілде,
https://www.youtube.com/watch?v=ypEkFGXK3fw&list=PLvN9UMfEpeulpwT1xaHAoDnV-WA18i0qg– ресми тілде.