
Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен а.ж. 28 қыркүйек күні нотариаттық қызметпен айналысу құқығына, үміткерлерді аттестаттау өткізілді. Аттестаттау нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларын бекіту туралы, ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығының талаптарын сақтай отырып жүргізілді.
Аттестаттауға шақырылған 9 үміткердің барлығы қатысты және оның 6-на комиссиямен аттестаттау туралы шешім шығарылды.
Сонымен қатар, аттестаттауды өткізу барысында коронавирустың таралуына жол бермеудің санитарлық-эпидемиологиялық шараларын (жеке қорғаныш құралдары, антисептиктер, медициналық маскалар мен қолғаптарды пайдалану, т.б. қажетт.)және әлеуметтік арақашықтың қатаң сақталуы қамтамасыз етіліп өткізілді.
БҚО Әділет Департаментінің
баспасөз қызметі