Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері тәртібінің негіздері
Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өтініштер жіберу арқылы құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді іске асыру және қорғау Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабында көзделген.
Азаматтардың бұл конституциялық құқығы өз еркінің көрінісі, өз мүдделерін қорғау құралы болып табылады және мемлекеттің халықтың сұраныстарына ден қоюдеңгейін және халықпен кері байланыстың тиімділігін көрсетеді.
Демек, Сіздің, мүдделі, сондай-ақ нақты шаралар қабылдауды талап ететін мәселе/проблема шеңберінде азамат және (немесе)заңды тұлғаның өкілі ретінде тиісті мемлекеттік органға (ұйымға) немесе лауазымды тұлғаға, оның ішінде Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдарына жүгінуге құқығыңыз бар.
Өз кезегінде, өтінішті жеке, сондай-ақ ұжымдық тәртіппен, ауызша немесе жазбаша түрде беруге болады («электрондық үкімет» веб-порталы, бейнеконференцбайланыс, бейнеөтініш, ұсыныс, өтініш, шағым, сұрау салу немесе пікір айту арқылы).
Бұл ретте, «ауызша өтініш»ұғымына «азаматтың телефон арқылы жүгінуі» бойынша келесі ақпараттарды берудібілдіретініне Сіздің назарыңызды аударамыз:
- ақпарат иесінің жұмыс кестесі;
- ақпарат иелерінің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының пошта мекенжайлары, электрондық поштасының және (немесе) интернет-ресурстарының мекенжайлары, анықтама қызметтерініңтелефондары, сондай-ақ олардың басшылары туралы мәліметтер;
- жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сұрау салуларын, арыздарын және шағымдарын қарау тәртібі;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі;
- сот істерін қарау кестесі;
- ашық конкурстық сауда-саттықты (аукциондарды, тендерлерді) өткізу күні мен орны;
- жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер;
- ақпарат иеленуші құрған бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтер (болған жағдайда);
- бос лауазымдар туралы ақпарат алу үшін телефон нөмірлері.
Егер Сіз жеке тұлға ретінде жазбаша сұрау салсаңыз, онда:
- тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетуіңіз керек(қалауы бойынша жеке куәліктің көшірмесін қоса беруге болады).
Заңды тұлғаның атынан жүгінген кезде:
- заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), шығыс нөмірі мен күні, сұрау салуға қол қойған адамның тегі, аты-жөні және лауазымы (сенімхаттың көшірмесі)көрсетіледі.
Сонымен қатар, Сіз пошта мекенжайын немесе электрондық пошта мекенжайын, телефон немесе телефакс нөмірін, басқа да байланыс құралдарын көрсетуіңіз керек.
Жазбаша сұрау салуға Сіз қол қоясыз немесе сенімхат бойынша Сіздің өкіліңіз қол қояды.
Жазбаша өтінішке Сіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңызбен расталған сұрау салу да жатады.
Өтініштерді қараудың сапасы, толықтығы және оларға жауап дайындау белгілі бір дәрежеде өтінішті сапалы құрастыру дәрежесіне де байланысты.
Осыған байланысты, өтініш беру кезінде Сізге мемлекеттік органның атауын немесе әрекетіне шағым жасалатын лауазымды тұлғалардың лауазымын, Т.А.Ә. (мысалы, әділет департаменті, нотариус, сот орындаушысы және т.б.), растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш жасау мотивін(бар болған жағдайда) және талапты көрсетуіңіз керек.
Бұл ретте, егер көтерілген мәселе бойынша бұрын басқа мүдделі мемлекеттік органдардың жауаптары ұсынылса, онда оларды да көрсету не өтінішке қоса беру қажет.
Шағымда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және (немесе) шағымды мәні бойынша шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтерді көрсете аласыз.
Мыналар қарауға жатпайды:
Егер өтінішті қараусыз қалдыруға негіз болған жағдайлар кейіннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтінішті қайта қарауға міндетті.