Меню

Страницы

Статья

Кепіл шартын автоматты түрде тіркеу басталды  

 

      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Корпорация) Отбасы банкпен бірлесіп, жеке тұлғаларға арналған жылжымайтын мүлік кепіл шартын онлайн тіркеу бойынша мемлекеттік қызметке Blockchain технологиясын енгізді. Енді ипотеканы ресімдейтін қазақстандықтар кепіл шартымен baspana.otbasybank.kzпорталындағы жеке кабинетінде таныса отырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоя алады. Жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығын мемлекеттік тіркеу туралы нәтиже хабарлама түрінде банк сайтындағы және eGov.kzэлектронды үкімет порталындағы жеке кабинеттерге келіп түседі.

        Бұрын азаматтар кепіл шартын тіркеу үшін банктен құжат алып, оны Халыққа қызмет көрсету орталығына апаруы тиіс болатын, сосын Корпорация ол шартты тіркеген соң, азамат ауыртпалық туралы анықтаманы алып, тіркелген шартпен бірге оны банкке ұсынатын. Енді Blockchain технологиясының арқасында бұл процессавтоматтандырылды.Банк пен ХҚКО арасында жүрудің қажеті болмайды. Отбасы банкіндегі Blockchain қолдану арқылы кепілді онлайн тіркеу мүмкіндігіағымдағы жылдың ақпан айынан бастапқосылды.Қазіргі таңда облыс бойынша 10-ға жуық кепіл шарты тіркелді.

        Blockchain жүйесі –жолданатын деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жеке-жеке блоктардан тұратын тізбек жүйесі.Корпорация аталған инфрақұрлымды барлық банк тарапынан осы жобаға қосылуы бойынша жұмыстар жүргізуде.

 

Тіркеу қызметі саласындағы

әдістемелік қамтамасыз ету және

бақылау бөлімінің бас маманы Г.Ахметова

 

Дата публикации
14 марта 2022
Дата обновления
14 марта 2022
Тип

Сейчас читают

20 февраля 2025
"Пульс" ақпараттық порталында "Цифрлық юстиция: Қазақстан заңгерлік көмектің құқықтық сауаттылығын және қолжетімділігін қалай арттырады" тақырыбында мақала жарияланды
20 февраля 2025
"Пульс" ақпараттық порталында "Алимент және оны өндіру тәртібі" тақырыбында мақала жарияланды
13 февраля 2025
"Приуралье" газетінде "Борышты робот өндіреді" тақырыбында мақала жарияланды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы