Меню

Страницы

Статья

Тәуелсіздігіміздің айқын бағдарлары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы Еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толуының қарсаңында Қазақстанның әрбір азаматына, ұрпағына үлкен бағдарламалық тарихи ой берді. Мақалада Тәуелсіздіктің отыз жылы шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарастырылған. Жаңа Қазақстанның алғашқы іргетасын қалау кезеңінен бастап, еліміздің керегесін кеңейту және биік мерейлі мемлекетке айналу кезеңдері Елбасымыз Ә.Назарбаевтың тәуелсіздігімізге қол жеткізу, еліміздің егемендігі жолында ерен еңбек ету кезеңдерімен тұспа –тұс келіп, тарихта қалып отырғаны тағы да айқындалып отыр. Мақалада Қазақстанның өсуі және қалыптасу кезеңі шын мәнінде нақты жүзеге асырылған барлық құнды дамуларымен көрсетілген. Мақалада « Әрбір халық өзінің арғы - бергі тарихын өзі жазуға тиіс. Бөтен идеологияның жетегімен жүруіне болмайды. Ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді» деп көрсетілген. Бұл келешек ұрпақтарға тарихымызда қалатын халқымыз , еліміз туралы жазылған тарихи шежірелердің бұрмаланбай жетуіне жол беру болып табылады. «Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отансүйгіштік дегеніміз –жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету» деп көрсетілген мақалада. Ұққан адамға - өте саналы сөз. Сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердің қатарын Елін, Отанын шынайы қадірлейтін, патриоттық қасиеті басым, әр уақытта сауаттылық жағынан өз ісіне берілген, жан-жақты білімді, лауазымдық ісіне адал қарайтын, халыққа адал қызмет етуді ұстанатын , мемлекеттің мүддесін жоғары дәрежеде қорғай білетін кадрлармен толықтыруды қамтамасыз ететін қосымша шараларды күшейту қажеттілігі артып келеді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті –Елбасы « Тәуелсіздікті жыл санап, ай санап, апта санап, күн санап,сағат санап шегелей беру керек» деген еді бір сұхбатында. Әрі қарай қандай жұмыс саласы болсын талап керек, тегеурінді нақты іс керек. Мақаланың әрбір бағдарламасы бойынша әділет жолын анық сеземіз, елдік мұрат айқындалған. Сондықтан, әрі қарай қасиетті Тәуелсіздігімізді нығайту мақсатында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың мақаласы болашақ идеологияны қалыптастыратын басты бағдарламалық негіз болып табылады. Әлия Рахымқызы Қарекесова, Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы Еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толуының қарсаңында Қазақстанның әрбір азаматына, ұрпағына үлкен бағдарламалық тарихи ой берді. Мақалада Тәуелсіздіктің отыз жылы шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарастырылған. Жаңа Қазақстанның алғашқы іргетасын қалау кезеңінен бастап, еліміздің керегесін кеңейту және биік мерейлі мемлекетке айналу кезеңдері Елбасымыз Ә.Назарбаевтың тәуелсіздігімізге қол жеткізу, еліміздің егемендігі жолында ерен еңбек ету кезеңдерімен тұспа –тұс келіп, тарихта қалып отырғаны тағы да айқындалып отыр. Мақалада Қазақстанның өсуі және қалыптасу кезеңі шын мәнінде нақты жүзеге асырылған барлық құнды дамуларымен көрсетілген. Мақалада « Әрбір халық өзінің арғы - бергі тарихын өзі жазуға тиіс. Бөтен идеологияның жетегімен жүруіне болмайды. Ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді» деп көрсетілген. Бұл келешек ұрпақтарға тарихымызда қалатын халқымыз , еліміз туралы жазылған тарихи шежірелердің бұрмаланбай жетуіне жол беру болып табылады. «Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отансүйгіштік дегеніміз –жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету» деп көрсетілген мақалада. Ұққан адамға - өте саналы сөз. Сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердің қатарын Елін, Отанын шынайы қадірлейтін, патриоттық қасиеті басым, әр уақытта сауаттылық жағынан өз ісіне берілген, жан-жақты білімді, лауазымдық ісіне адал қарайтын, халыққа адал қызмет етуді ұстанатын , мемлекеттің мүддесін жоғары дәрежеде қорғай білетін кадрлармен толықтыруды қамтамасыз ететін қосымша шараларды күшейту қажеттілігі артып келеді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті –Елбасы « Тәуелсіздікті жыл санап, ай санап, апта санап, күн санап,сағат санап шегелей беру керек» деген еді бір сұхбатында. Әрі қарай қандай жұмыс саласы болсын талап керек, тегеурінді нақты іс керек. Мақаланың әрбір бағдарламасы бойынша әділет жолын анық сеземіз, елдік мұрат айқындалған. Сондықтан, әрі қарай қасиетті Тәуелсіздігімізді нығайту мақсатында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың мақаласы болашақ идеологияны қалыптастыратын басты бағдарламалық негіз болып табылады. Әлия Рахымқызы Қарекесова, Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы.

Дата публикации
18 января 2021
Дата обновления
18 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 февраля 2025
"Пульс" ақпараттық порталында "Цифрлық юстиция: Қазақстан заңгерлік көмектің құқықтық сауаттылығын және қолжетімділігін қалай арттырады" тақырыбында мақала жарияланды
20 февраля 2025
"Пульс" ақпараттық порталында "Алимент және оны өндіру тәртібі" тақырыбында мақала жарияланды
13 февраля 2025
"Приуралье" газетінде "Борышты робот өндіреді" тақырыбында мақала жарияланды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы