Әділет министрлігі 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын әзірледі

Мемлекеттік органның даму жоспары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес бес жылдық кезеңге әр үш жыл сайын әзірленеді.

Ағымдағы жылы Әділет министрлігінің қолданыстағы даму жоспарын іске асыру мерзімі аяқталады, осыған байланысты Әділет министрлігі бес жылдық кезеңге арналған даму жоспарының жобасын әзірледі.

Даму жоспарының жобасына әділет органдарының нысаналы индикаторға және нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізу үлесін айқындай отырып, каскадтау және декомпозициялау жолымен мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының көрсеткіштері енгізілген.

Сонымен, «Заң үстемдігінің индексі (Rule of Law Index, НГО «The World Justice Project)», «Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардағы қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесі, ЖІӨ-нен %» макроиндикаторлары Қазақстан Республикасының  2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының Стратегиялық көрсеткіштер картасында көрсетілген.

Даму жоспарының жобасында 2 стратегиялық бағытты, 5 мақсатты, 12 нысаналы индикаторды және 2 макроиндикаторды іске асыру көзделген.

Нысаналы индикаторлар мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын іске асыруға бағытталған.

Осылайша, әділет органдары қызметінің барлық негізгі бағыттары қамтылды.

Айталық, «Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету» стратегиялық бағыты норма шығармашылық процесті цифрландыруға, заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің сапасын арттыруға бағытталған нысаналы индикаторды көздейді.

Келесі бағыт - «Азаматтар мен ұйымдардың құқығын іске асыруды қамтамасыз ету» сот-сараптама қызметін халықаралық аккредиттеу стандарттарының деңгейіне дейін жетілдіруге, сот актілерін орындаудың тиімділігін арттыруға, азаматтардың білікті заң көмегін алуға құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын күзету мен қорғаудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз  етуге бағытталған 7 нысаналы индикаторды қамтиды.

 

 

Дата публикации
30 мая 2023