20__ жылғы «__» ________ №_____
Батыс Қазақстан облысы
Әділет департаменті басшысының
бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігініңБатыс Қазақстан облысыӘділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже
1) өткізілген операция құжаттарын рәсімдеуде уақтылы есебін жүргізуді және бақылауды жүзеге асыру;
2) енгізілген өзгерістерді қоса есептегенде бюджет бойынша бекітілген шығыс сметасына сәйкес, қаражатты дұрыс, орынды, мақсатты және үнемдіжұмсауды бақылау;
3) айналым қаражатындағы кейбір құралдарды, материалдарды есептен шығаруды, негізгі құралдарды уақтылы кіріске алу үшін толық есебін жүргізуді және бақылауды қамтамасыз ету.
1) бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүргізу;
2) бухгалтерлік құжаттарды дұрыс және уақтылы рәсімдеу;
3) заманауи техникалық құралдарды және ақпараттық жүйені енгізу;
4) бюджеттік қаражаттарды уақытылы, мақсатты және дұрыс игеру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып-алуды жүргізу;
6) қызметкерге және техникалық қызмет көрсететін жұмысшыларға жалақыларын және жәрдемақыларын уақтылы есептеу және төлеу;
7) бухгалтерлік және статистикалық есепті белгіленген мерзімге ұсыну;
8) белгіленген мерзімде материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу;
9) терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға және оның жолын кесуге қатысқан адамдарға өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде қажетті құжаттарды беруде тегін қажетті құқықтық көмекті ұйымдастыру;
10)жеке және заңды тұлғалардыңөтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.
Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардыңлауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
2) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар мен жиналыстар өткізу;
3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында соттарда өкілдік ету;
4) Департаменттің қызметі бойынша аса қажетті және өзекті мәселелері бойынша сұрақтарды Департаменттің отырысында қарауға енгізу;
5) аудандық әділет басқармаларында кешенді тексерулерге қатысу, әдістемелік және тәжірбиелік көмек көрсету;
6) Бөлімге жүктелген міндеттерге сәйкес, жүргізілетін шараларға қатысуға және оларды әзірлеу үшін мемлекеттік органдар басшыларының келісімімен қызметкерлерді қатыстыру;
7) қолданыстағы заңнамалық актілердекөзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруғақұқығы бар.