Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен 11 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде:
- "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу"
- "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу"
- "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу"
- Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару"
- "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері Жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру"
- "Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру"
3.Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу,
4.Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу,
5.Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу,
6.Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау.
Ағымдағы жылдың қаңтар, ақпан айларында Департаментпен 192 қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды түрде көрсетілген қызмет саны - 73.
Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша іс-шаралар, түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.