Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 49-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары өздерінің құзыреті шегінде нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 19-тармағына сай Мемлекеттік органдар құқықтық мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін (кадрлық, шаруашылық мәселелері бойынша құқықтық актілерді қоспағанда) тоқсан сайын әділет органдарына өткен тоқсан үшін орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қабылданған актілерінің тізбелерін (бұдан әрі – тізбелер) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне қарай Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімімен 4746 акт зерделенді, оның ішінде:
Облыстық – 135 акт;
Қалалық – 858 акт;
Аудандық – 1723 акт;
Ауылдық округтер –2030 акт.
2020 жылдың 4 тоқсанында Әділет департаментімен зерделеу нәтижесінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылмаған Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №106 «Переметный ауылдық округі, Переметный ауылының солтүстік-шығыс бағылымына жататын аумаққа бруцеллез ауруына қарсы шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі анықталды. Бұл факті бойынша Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары Турешов Мирасбек Бериккалиевичке қатысты ҚРӘҚб Кодексінің 457-бабы 1-тармағына сай әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.