Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орыбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің топ басшысының 2020 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат.

                                               

 

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді орыңдау мақсатында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде Қазақстанның тұрақтылығын, әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі, құқықтық мемлекеттің құрылуындағы, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы сыбайлас жемқорлықты жоюды қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік жауапкершілік,  қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдамау ахуалына қол жеткізудің маңыздылығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту қажеттігін олардың негізгі тірегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауына қарсы алдын алу жағдайларын жасауға бағытталған жұмыстар үнемі жүргізіліп отырады.

   Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің тапсырмасы аясында, 11.02.2020 жылы  «Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменте «Адалдық  алаңы» жобалық кеңсесін құру туралы» №41 бұйрығымен жұмыс тобы құрылып,ағымдағы жылдың ақпан айында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің  азаматтарды қабылдау кабинеті ашылды.

   Аталған кенседе,Департаменттің лауазымды тұлғаларымен, заңды және жеке тұлғаларды, Департамент қызметкерлерін жеке қабылдауы үшін барлық жағдайлар жасалған.

     Соңымен қатар, «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысы аясында  2019 жылдың шілде айынан Әділет департаментінің ғимаратының бірінші қабатыңда «адалдық» дүкені жұмыс жасайды.

    Департаментің бірінші қабатында Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер көрнекті жерде орнатылған.

         Ағымдағы жылдың,20 шілдесінде, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті,Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті, Ақпараттық - ағарту штабы, «Ақжайық – адалдық алаңы», Батыс Қазақстан облысының Жеке сот орындаушылар палатасы, Батыс Қазақстан облысының Адвокаттар алқасы, Батыс Қазақстан облысының Нотариаттық палатасы, Батыс Қазақстан облысының Заң кеңесшілері палатасымен бірге, «СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚҚА  ҚАРСЫ  МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН КӨРІНІСТЕРІНЕ ТӨЗБЕУШІЛІК АХУАЛЫН ҚҰРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМға» қол қойылып, бүгінгі таңда аталған мекемелермен бірлесіп жұмыстанудамыз.

  Меморандумның негізгі мақсаты-әділет департаментінің қызметі саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау.

    Яғни,Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді орыңдау.

         Мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылын күшейту мақсатында, топ басшысымен мүшелері, сонымен қатар адвокаттар алқасының адвокаттары, нотариаттық палатасының мүшелері, жеке сот орындаушыларының палатасының сот орыңдаушылары, заң кеңесшілерінің палатасыңын мүшелерімен жоба кеңсесінде, «Ақжайық адалдық алаңы» тобының чатында, барлық қоғамдық қабылдауларда, «Нұр Отан» партиясында, заң қызметін ұсыну орталықтарында азаматтарға кеңес беріп, тұрақты түрде құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.

Пандемияға қатысты халықпен кездесулермен қабылдаулар жүргізілмеді, алайда Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары,Әдеп жөніндегі уәкілі және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы «Адалдық алаңы» бойынша тікелей эфирде, «Фэйсбук», «Инстаграм» әлеуметтік желісіңде, Департаментің сайтыңда , соңымен қатар телефон арқылы 58 жеке және заңды тұлғаларға онлайн-қабылдаулар өткізді.

Ағымдағы жыл ішінде,

  1. 2020 жылдың 30 қазан күні Бәйтерек аудаңында.
  2. 2020 жылдың 6 қарашасыңда Ақжайық аудаңында.
  3. 2020 жылдың 13 қарашасыңда Қазталовка аудаңында.

     4.2020 жылдың 4 желтоқсан күні Бөрлі аудандарыңда іс-сапарда болып «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңседе тікелей эфирде,«Нұр Отан» партиясыңын қабылдау бөлімшелері мен ауданаралық әділет басқармаларының кенселерінде 11 жеке және заңды тұлғаларға қабылдау жүргізілді. Тікелей эфир барысыңда департамент жұмысы туралы,«Адалдық алаңы» жобасы аясында атқарылып жатырған жұмыстармен таныстырып, мемлекеттік органның қызметін бағалаудағы азаматтар сенімінің басты талап екенін атап өтті.

Аталған іс-сапар кезінде Әдеп жөніндегі уәкіл ауданаралық әділет басқармалардың ұжымымен кездесіп, Әдеп кодексі, Мемлекеттік қызмет заңдарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді.

Соңымен қатар,ағымдағы жылдың Мемлекет басшысының Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын одан әрі жаңғырту тапсырмасы шеңберінде, сондай-ақ «Адалдық-алаңы» жобасын іске асыру, қоғам мен мемлекет арасындағы қашықтықты қысқарту, халық алдында барынша ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Бәйтерек ауданаралық Әділет басқармасының жұмыс форматын үйреншікті жұмыс орнындарынан кеңістіктің «Оpen space» технологиясына көшірілді.Бүгінгі таңда басқарма қызметкерлері шыны бөлмелерде орналасқан.

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында, 2020 жылғы 30 қарашада Бәйтерек ауданаралық Әділет басқармасы ғимаратында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Агилманова Бахтыгүл Серікқызы, ҚР Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында, тұрғындарға барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып құқықтық мәселелер бойынша азаматтарға қабылдау өткізді. Қабылдауда үш жеке тұлға болды.

Жыл ішінде он екі /12/ мемлекеттік қызметкерге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Әдеп кодексі, Мемлекеттік қызмет заңдарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативтік көмек көрсетілді.

Үш /3/ қызметкер әдеп жөніндегі уәкілдің жеке қабылдауында болды.

         Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы бойынша 2 /екі/ қызметкер мемлекеттік органның жағымды имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға қосқан үлесі үшін марапатталды.

         Сондай-ақ, есептік кезеңде ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жағдайы және қызметтік әдеп нормаларын сақталуын бақылау мақсатында 3 /үш/ анонимді түрде  сауалнама жүргізілді. Сауалнамаларға 137 мемлекеттік қызметкер қатысты.

         Азаматтардан аумақтық әділет органдарының жауапты тұлғаларының, қызметкерлерінің әрекетіне/әрекетсіздігіне/ келіп түскен өтініштерге тоқсан сайын талдау жүргізіледі.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға, қызметтік этиканы, әкімшілік және өзгеде құқық бұзушылықтарға қарсы тұруға бағытталған алдын алуды күшейту мақсатында, қызметтік әдеп нормаларын, еңбек және атқарушы тәртіпті сақтау, сондай-ақ мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызметшілердің дұрыс емес мінез-құлқының алдын алу бойынша ұжыммен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Жыл ішінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылзаңнамаларынтүсіндірубойынша  2020  жылдың 11 айындабарлығы –  54   шараларұйымдастырылды  :   семинар -30,  «дөңгелекүстел»  -  10,   дәрістер  ( лекция )  -7 ,  мақалалар  – 4,  кездесулер -3   құқықтық-насихатжұмыстарыжүргізілді. Сонымен қатар қызметкерлерге әдеп кодексінің нормаларына қайшы келетін фото немесе видеоларды бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланымдардың алдын алу туралы қатаң ескертілді.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

                                              

         Батыс Қазақстан облысы

Әділет департаменті

басшысының орынбасары,

«Адалдық  алаңы» жобалық

кеңсесінің топ басшысы                                            Б.С.Агилманова.

Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орыбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің топ басшысының 2020 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат
Дата публикации
20 января 2021