
Тасыбаева Алия Анесовна 1980 жылы 29 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
2001-2002 жж. – Ақтөбе кооперативтік колледжінің оқытушысы.
2002 – 2006 жж. – Ақтөбе облысы Әділет басқармасының бас маманы.
2006 – 2012 жж. – Жеке құрылымдарда қызмет атқарды.
2012 – 2014 жж. – Ақтөбе қаласы Әділет басқармасы басшысының орынбасары.
2014 – 2017 жж. – Ақтөбе қаласы Әділет басқармасының басшысы.
2017 – 2020 жж. – Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.
2020 – 2021 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті директорының орынбасары
05.04.2021 ж. бастап Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды