Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері тауар белгілерін пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Насиха» сауда орталығының кәсіпкерлерімен кездесті.
Шараның барысында зияткерлік меншік құқықтарын бұзу, бүгінгі күні көптеп кездесетін контрафактілік өнімдер туралы және мемлекет тарапынан зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатырған шаралары туралы атап өтілді.
Сондай-ақ маркетплейсстер бүгінде тауарлар мен қызметтерді сатудың ең қарқынды дамып келе жатқан арналардың бірі болғандықтан, тауар белгісі заңсыз орналасқан контрафактілік өнімдер осы платформада көбейгені туралы және кәсіпкерлерге зияткерлік меншік саласында Әділет органдарының атқаратын қызметі туралы айтылып, зияткерлік меншікті қорғау бойынша кеңестер берілді.
Аудандық Дендер газетіне жарияланған Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы Д. Руслановтың мақаласы.
Аудандық Кең жылыой газетіне жарияланған Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы Д. Руслановтың мақаласы.
Аудандық Нарын таңы газетіне жарияланған Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы Д. Руслановтың мақаласы.
Аудандық Серпер газетіне жарияланған Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы Д. Руслановтың мақаласы.
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
Атырау облысы Әділет департаменті қызметкерлері, нотариус, адвокат және жеке сот орындаушылары "Заң және тәртіп" қағидаттарын ілгерілету аясында "Дина" сауда үйінде өткен акцияға қатысты.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету.
Іс-шара барысында тұрғындарға атқарушылық іс жүргізу, банктік шоттарға тыйым салу және оны алып тастау мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік, тұрғын үй және құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берілді.
Сонымен қатар, азаматтарға Әділет министрлігінің цифрлық сервистері таныстырылды. Атап айтқанда, құқықтық кеңес алуға арналған жасанды интеллект негізіндегі чат-бот және «AdiletGov» мобильді қосымшасындағы «Тараптардың кабинеті» сервисі туралы ақпарат берілді.
Атырау облысы Әділет департаменті мен Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Абай атындағы Атырау облысының оқушылар орталығында» мемлекеттік органдар мен құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен «ЗАҢ. ӘДІЛЕТ. ЛОГИКА» атты интеллектуалдық QUIZ сайысы өтті.
Сайыс барысында қатысушылар заңнама, құқықтық сауаттылық және логикалық ойлау бағыттары бойынша түрлі сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.
Интеллектуалдық сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Tengri» командасы;
ІІ орын – Атырау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының «Атырау облысы бойынша сот сараптамалары институты» филиалының «Дәлел» командасы;
ІІІ орын – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің «Qara Paiym» командасы.
Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен марапаттар табысталды.
Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г.У. Кыстаубаева «Азаматтарды қабылдау орталығында» жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген азаматша заңды тұлғаларды Коммерциялық тіркеу бағытына байланысты мәселелерді көтерді.
Қабылдау кезінде азаматшаға қолданыстағы Заңнамаға сәйкес түсіндірме беріліп, қажетті құжаттар тізімі түсіндірілді.
В Центре школьников Атырауской области имени Абая состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню работников органов юстиции Республики Казахстан, отмечаемому 30 сентября.
В праздничном мероприятии приняли участие представители акимата Атырауской области, прокуратуры, руководители государственных учреждений и структурных подразделений, а также руководитель Департамента Г.У. Кыстаубаева, которые поздравили коллектив с профессиональным праздником и отметили важную роль работников органов юстиции в обеспечении верховенства закона, защите прав и законных интересов граждан
В ходе мероприятия ряд сотрудников, добросовестно исполняющих свои служебные обязанности и внесших значительный вклад в развитие отрасли, были награждены Благодарственными письмами руководителя Департамента.
В завершение праздничного мероприятия участникам были выражены пожелания успехов в профессиональной деятельности, значительных достижений в работе и благополучия их семьям.
Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері тауар белгілерін пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Көктем» сауда орталығының кәсіпкерлерімен кездесті.
Шараның барысында зияткерлік меншік құқықтарын бұзу, бүгінгі күні көптеп кездесетін контрафактілік өнімдер туралы және мемлекет тарапынан зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатырған шаралары туралы атап өтілді.
Сондай-ақ маркетплейсстер бүгінде тауарлар мен қызметтерді сатудың ең қарқынды дамып келе жатқан арналардың бірі болғандықтан, тауар белгісі заңсыз орналасқан контрафактілік өнімдер осы платформада көбейгені туралы және кәсіпкерлерге зияткерлік меншік саласында Әділет органдарының атқаратын қызметі туралы айтылып, зияткерлік меншікті қорғау бойынша кеңестер берілді.