Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Б.С.Бейсенмен департаменттің және Атырау қаласының сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің сот орындаушылары арасында «Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесі» тақырыбында Әдеп сағаты өткізілді.
Шара барысында Әдеп жөніндегі уәкілімен мемлекеттік қызметшінің тұлғалық болмысы қоғамға үлгі болуы, халыққа адал ниетпен қызмет ету қажеттігі туралы атап көрсетілді.