«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жалпы мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес айқындалған. Мемлекеттік қызметшілер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленген.
Атырау облысы Әділет департаментінде жұмыс уақыты 09.00-ден 18.30-ға дейін. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Жоғарыда аталған жұмыс уақытын мемлекеттік қызметшілердің тарапынан қатаң сақталуын бақылау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Әділет департаментінде «Е-қызмет» жүйесімен ықпалдастырылған қолжетімділікті есептеу және бақылау жүйесі (бұдан әрі ҚББЖ) орнатылған.
Департаменттің әкімшілік бөлімімен осы жүйе арқылы департамент қызметкерлерінің ҚББЖ жүйесі арқылы мекемеге кіріп-шығу уақыттары бойынша «Е-қызмет» ықпалдастырылған жүйесінен жүктеме алынып, бақыланып отырылады.
Бұл өз кезегінде департамент қызметкерлерімен жұмыс кестесін дұрыс сақтамауын болдырмау мақсатында орнатылған жүйе.
Бүгінгі күнде жұмыс кестесінің дұрыс сақталуы бойынша департамент қызметкерлерімен жүйелі түрде түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді.