Ауылдық округтердiң әкiмдері аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялау өткізілді

Атырау облысы Әділет департаментімен ағымдағы жылдың 3 наурызы күні аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды тұлғалары кезекті және аталған қызметке жаңадан тағайындалған лауазым иелері аттестациялаудан өткізілді.
Жалпы аттестация, округтегі лауазым иелерімен жүргізілетін нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығының сақталуы шеңберінде әңгімелесу тәртібінде өткізіліп, аттестаттау комиссия шешімімен аттестацияға қатысушы 20 лауазымды тұлғаға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығы берілді.
Аттестация соңында, лауазымға жаңадан тағайындалған және нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығы қайта берілген лауазымды тұлғаларымен нотариаттық іс-әрекеттерді куәландыру бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында семинар өткізіліп, кездесетін проблемалық мәселелер талқыланды.

Дата публикации
06 марта 2023