«Ашық есік күні» өткізілді.

А.ж. 24 тамызында Конституция күніне орай Әділет департаментінің «ATYRAU-ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесінде Департамент қызметкерлерімен бірге Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, Нотариаттық палатасының жеке нотариусы, Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының өкілі қатысуымен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Шараның басты мақсаты - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар көкейінде жүрген сұрақтарға заң тұрғысында жауап беріп, халыққа құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Аталған шарада Департамент басшысының орынбасарлары Жубанышкалиева Айгуль Кусмановна және Әдеп жөніндегі уәкілі Бейсен Бақытжан Смайылұлы азаматтарға алимент, сот актілерін орындау және мұралық істер бойынша заңды кәсіби негізде көрсететін заң көмегі бойынша құқықтық кеңестер беріліп, адвокат, нотариустың тарапынан құзырлы органдарға құжаттарыды беру жөніндегі жан - жақты заңды кеңестер берілді.

Дата публикации
25 августа 2022