Ағымдағы жылдың сәуір айында Атырау облысы Әділет департаментінің ғимаратында "ATYRAU-ADALDYQ ALANY" жобалық кеңсесінде Атырау облысы Полиция департаменті және Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында Зияткерлік меншік құқықтар бөлімінің басшысы С.Абилхайров зияткерлік меншік құқықтарын бұзу, бүгінгі күні көптеп кездесетін контрафактілік өнімдер туралы және мемлекет тарапынан зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатырған шаралары туралы баяндады.
Сонымен қатар, кездесуде құқық қорғау органдарымен зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау бойынша түсіндірме жұмыстарын бірге жүргізу және осы шаралардың бірлескен жоспарын бекіту мәселесі қаралды.