Ағымдағы жылдың 07 сәуір күні Атырау облысы Әділет департаментімен бақыланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесі, жылжымайтын мүлікпен операциялар бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жасырын мәмілелердің туындау фактілерін одан әрі болдырмауға бағытталған құқықтық түсіндіру іс-шараларын жүргізу мақсатында Әділет департаменті басшысының орынбасары А. Жубанышкалиева, Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы С. Жолжанов, Азаматтарға арналған үкімет МК КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының орынбасары м.а. Ә. Дүйсембай, Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы С. Абилхайров, Қаржы басқармасы басшысының орынбасары С. Демегенов, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің Ұйымдастыру бақылау басқармасының басшысы Б. Анесов, Атырау облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция капитаны С. Мурзагалиев, Атырау нотариаттық палатасының жеке нотариусы А.Уайсованың қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде жылжымайтын мүлікпен операциялар индикаторы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жасырын мәмілелердің туындау фактілерін одан әрі болдырмауға бағытталған іс-шараларын жүргізу және жоспарын әзірлеу талқыланып, ұсыныстар берілді.