А.ж. 30 наурыз күні Атырау облысы Әділет департаментінде тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімімен АХАТ қызметіне қатысты кездесетін проблемалық мәселелерді шешу мақсатында семинар өткізілді.
Аталған семинарға барлық аудандық және қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері, Атырау облысы бойынша сот сараптамалар институты, облыстық Нотариаттық палатасы, Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша №1,2,3 филиалының өкілдері қатысты.
Семинар барысында Әділет департаменті басшысының орынбасары Айгуль Жубанышкалиевамен мемлекеттік органдардың қайтыс болуды тіркеуге байланысты қызмет көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібіне сәйкес, қайтыс болу туралы қағаз куәліктер мен анықтамалар беру тәртібінің алынып тасталғандығын атап өтіп, алдағы уақытта мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырумен қатар, азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.