Азаматтарға құқықтық кеңестер берілді

Бүгінгі күні заң саласы тұтқасының толық іске қосылуы үшін әрбір азамат атсалысу керек, әрі өзі құқықтық жағынан қорғалатындығын сезініп, сауатты қимылдауы үшін белгілі дәрежеде ғылыми, кәсіби құқықтық білімділігі, біліктілігі, тәжірибе бойынша мағлұматы болуы шарт. Бұл ең алдымен заңгерлерге үлкен міндет жүктейді.
Бүгін 30 наурыз күні Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Махамбет ауданының тұрғындары арасында тиісті сала қызметкерімен арнайы құқықтық насихаттау тобымен ашық диалогтық кездесу өткізілді.
Аталған шараға адвокат, нотариус, сот орындаушы, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының өкілдері, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы, Жер қатынастар басқармасы, Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының өкілдерінен құрылған білікті мамандар құқықтық көмек көрсетті.
Сонымен қатар, шара барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2022 жылға арналған Операциялық жоспарына сәйкес, халықтың мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу және зияткерлік меншік құқықтарының қорғалу тәртібіне қатысты Әділет департаменті мамандарының баяндамалары тыңдалды.
Азаматтарға тегін құқықтық қолдау танытқан тәжірибелі мамандардың кеңесіне қатысушылардың басым көпшілігі атаулы әлеуметтік көмекті алу, сот шешімдерінің орындалысы, мүгедек баланың асыраушысы ретінде үй кезегіне тұру тәртібі, жер телімін алу және уақытылы тіркеуге қатысты мәселелері бойынша жүгініп, толғандырған сұрақтарына толық жауап алды.

Дата публикации
31 марта 2022