Ағымдағы жылдың 18 ақпанында департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл А.К.Жубанышкалиеваның төрағалығымен департаменттің және Атырау қаласының сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Респрубликасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларын және Әдеп кодексі талаптарын сақтау және мемлекеттік қызметшілерге арналған телефон әдебі мәселелері бойынша пікір алмасу өткізілді.
Отырыс барысында Әдеп жөніндегі уәкілмен мемлекеттік қызметшілерге Әдеп нормаларын сақтау, мемелекеттік қызметтегі шектеулер мен тыйымдарды сақтауға қатысты, мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол берілмеу туралы айтылды. Қызметкерлер өз тарапынан ойларын ортаға салды.
Отырыс соңы қарым-қатынас және топта жұмыс істеу дағдыларын үйрену, қиын жағдайдағы бірлесіп шешімін табуға бағытталған тимболдингпен аяқталды.