Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі А.К.Жубанышкалиевамен департаменттің бөлім басшылары мен қызметкерлері және Атырау қаласының сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімнің сот орындаушыларының қатысуымен артық жұмыс істеу фактілерін болдырмау бойынша мәжіліс өткізіліп, нәтижесінде департамент қызмкеткерлері жұмыс уақытын тиімді пайдаланып, жұмыс уақытынан кейін жұмыста негізсіз кідіруді болдырмау туралы қатаң ескертілді.