А.ж 4 ақпанында «ATYRAU-ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесінде Атырау облысы Әділет департаментінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Айгуль Жубанышкалиевамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша құқықтық кеңес беру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.
Шараның басты мақсаты - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Ашық күніне келген азаматтарға Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Айгүл Жубанышкалиевамен және облыстық Адвокаттар алқасының адвокаты Рымжан Тәжімғалиевпен алимент өндіру тәртібі, жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасындағы еңбек даулары, әлеуметтік жәрдемақылар тағайындауға қатысты сауалдарға Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде құқықтық кеңестер берілді.