Атырау облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен дөңгелек үстел өткізілді

Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Айгуль Жубанышкалиевамен департаменттің бөлім басшыларымен Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларының талаптарын қатаң сақтау туралы дөңгелек үстел өткізілді.
Шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заңына түсіндірме жасалынып, мемлекеттік қызмет алуға тараптар мен азаматтарға тек қызметтік көмек көрсетіліп, басқа қызметтен тыс қарым-қатынасқа жол бермеу керектігін атап көрсетті.
Сонымен қатар, Әдеп уәкілімен мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде және қызметтен тыс уақытта да әдеп қағидаларының талаптарын қатаң сақтап, әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс екендігін атап өтіп, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарына қатты көңіл бөлу керектігіне тоқталып өтті.

новости
Дата публикации
18 января 2022