Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Нотариаттық қызмет

Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт.Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдарынан тұрады. Нотариаттық қызмет – бұл нотариустың осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы. Осы Заңда белгіленген жағдайларда және шектерде жекелеген нотариаттық iс-әрекеттерді арнайы уәкілетті лауазымды адамдар жасай алады. Қазақстан Республикасындағы нотариаттық қызмет нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығы, тәуелсіздігі, бейтараптылығы, құпиялылығы қағидаттарына негізделеді. Нотариаттық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды. Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасағанда тәуелсiз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады.Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сот орындаушыларының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.

Документы
Құжат
07 апреля 2026
Облыстық,ауылдық округтер әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғаларының тізімі
Ақпарат
07 апреля 2026
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына өткізілетін аттестацияға жіберілген үміткерлердің тізімі
Ақпарат
13 марта 2023
Атырау облысы нотариустарының тізімі
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
1
Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримов «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Махамбет аудандық филиалында азаматтарды жеке қабылдау өткізді
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Атырау ӘД құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі
Часто задаваемые вопросы
Кім нотариус бола алады

Қазақстанда мынадай азаматтар нотариус бола алады:

  • 25 жасқа толған;
  • жоғары заңдық білімі бар;
  • 2 жылдан кем емес заңдық мамандық бойынша жұмыс өтілі бар;
  • Нотариуста 1 жылдан кем емес мерзімде тағылымдамадан өткен;
  • әділет аттестаттау комиссиясынан аттестаттаудан өткен;
  • нотариаттық қызметпен айналысу құқығын алғандар.
Қалай нотариалдық қызметпен айналасуға тағылымдама мен аттестаттаудан өтуге болады

Нотариалдық қызметпен айналасуға лицензия алу үшін тағылымдама мен аттестаттаудан өту қажет.

Нотариалдық қызметпен айналысу құқығына тағылымдамадан өту үшін нотариалды палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасу қажет. 

Бағдарламаның ұзақтығы бір жылдан кем емес мерзімді құрайды.

Тағылымдамадан өту кәсіби дайындықтың бірыңғай бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Сіз тағылымдамадан өткен нотариус тағылымдаманың аяқталуы бойынша тағылымдамадан кәсіби дайындықтың бағдарламасын орындауды көрсететін қорытындыны дайындайды. Қорытынды аумақтық әділет органының және нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен 10 жұмыс күні ішінде бекітіледі. Тағылымдамадан өтуші кәсіби бағдарламаны толық емес игермеген жағдайда оған қосымша уақыт ұсынылады..

Нотариустар тағылымдамасы ақылы өтеді – 10 АЕК ай сайын.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер тұлға тағылымдамадан өткеннен кейін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тұрғылықты жері бойынша жолдайды:

  1. Өтініш.
  2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны.
  3. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Егер құжаттар пакеті толық болмаса немесе қате ұсынылса, сізді 5 жұмыс күн ішінде хабарлайды.

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады – ҚР заңнамасын білуге компьютерлік тест тапсыру және емтихан билеттері бойынша білімді тексеру. Аттестаттауды қазақ тілінде де, орыс тілінде де өтуге болады.

Аттестаттаудан өткеннен кейін келесі күні Комиссия аттестаттау немесе аттестаттамау туралы негізді шешімді шығарады. Комиссия шешіміне сіз сотқа шағымдана аласыз. Аттестаттан өтпеген жағдайда, қайта өтінішті кемінде 3 айдан кейін жібере аласыз.

Маңызды: Аттестаттау туралы Комиссия шешімі шығарғаннан бастап 3 жыл ішінде жарамды болып табылады

Қалай нотариалдық қызметпен айналысуға лицензия алуға болады

Нотариалдық қызметпен айналысуға өтінішті беру электрондық лицензиялау порталда онлайн-қызметі арқылы жүргізіледі.

Авторизациядан және қызмет бетіне өтуден кейін, оның алдында қызмет түрін таңдауды талап етеді:

  • Мемлекеттік нотариустары үшін;
  • Тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен тұлғалар үшін;
  • Тұрақты судьялар болып жұмыс істейтін тұлғалар үшін;
  • Біліктілік емтиханды өткен тұлғалар үшін;
  • Тұрақты судьялар үшін.

Одан кейін (ҚР Әділет министрлігі) лицензиарды таңдау, жеке деректермен өтініш алаңды толтыру және төмендегі құжаттарды қоса беру керек:

  1. Кемінде бір ай бұрын берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің анықтамаларының электрондық көшірмесі;
  2. 2 жылдан кем емес заңдық мамандығы бойынша жұмыс өтілі пасталған құжат көшірмесі;
  3. Жеке куәлік көшірмесі;
  4. Егер сіз шетелдік білім мекемесінен берілген диплом болса, онда тану рәсімінен өткендігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі қажет;
  5. Сотталмағандығы туралы электрондық анықтама.

Бұдан әрі қызмет арқылы онлайн режимде (6 АЕК) мемлекеттік бажды төлеуге болады және соңында өз ЭЦҚ өтінішіне қол қоюыңыз қажет.

Лицензия 15 жұмыс күн ішінде беріледі.

Социальные медиа

⦁ Facebook
⦁ Instagram
⦁ Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы