Адвокаттық қызмет
Адвокаттық қызмет – адвокаттар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында, осы Заңда белгіленген тәртіппен, кәсіптік негізде көрсететін заң көмегі. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заң мен Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметті және заң көмегін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған. Жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы адвокат болып табылады. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа ретте, адвокаттың құқықтары шектелуге жатпайды. Заңды адвокаттық қызметке араласу не кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді. Адвокат шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға осындай көмек көрсету нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасауға міндетті. Адвокаттық құпияны адвокатқа өтініш жасау фактiсi, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғамен және басқа да тұлғалармен ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүдделерiнде қабылданатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.
Қазақстанда мынадай азаматтар адвокат бола алады:
Адвокаттық қызметке лицензияны алу үш кезеңде жүргізіледі, ол қажетті дағдыларды игерілетін тағылымдаманы, аттестаттауды және лицензияларды тікелей алуды қамтиды.
Адвокаттық қызметке лицензияны алу үшін тұлға тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы ерікті нысанда өтініш жазу арқылы адвокаттар алқасының президиумына жүгінеді.
Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:
Тағылымдамадан өтуді жеке ережеде регламенттелген. Оған сәйкес, тағылымдама 5 жылдан кем емес адвокаттық қызметі бар адвокаттың басшылығымен жүргізіледі. Тағылымдама ұзақтығы 6 айдан бір жылға дейінді құрайды.
Тағылымдамадан өту ақылы түрде жүзеге асырылады, тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру үшін төлем мөлшері және мерзімі шартта көрсетіледі. Тағылымдамаға төлем әрбір айға 10 АЕК көп емес мөлшерде белгіленген.
Маңызды: Тағылымдамадан өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледі.
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту Аттестаттаудан өту Қағидасына сәйкес өткізіледі және оның алдында, аумақтық "электрондық үкіметтің" веб-порталы не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы әділет органға төмендегі құжаттарды жолдау керек:
Сіздің құжаттар пакетіңіз арнайы Алқамен қаралады. Материалдарды қараудың қорытындысы бойынша Комиссия аттестаттауға рұқсат берілгендігі немесе бас тартылғандығы туралы негізді шешімді шығарады. Аттестаттауды өткізу тегін өткізіледі.
Бұдан кейін, Комиссия материалды қарастырып, аттестаттауға жіберу туралы шешімді қабылдағаннан кейін, аумақтық әділет органдары сізді аттестаттау орны, күні, уақыты, тәртібі туралы шешімді оны жүргізгенге дейін 10 күнтізбелік күн бұрын хабардар етеді.
Әділет органдарда аттестаттау қажеттілігіне қарай жарты жылда 1 рет өткізіледі.
Аттестаттау екі кезеңнен тұрады – ҚР заңнамасын білуге компьютерлік тест тапсыру және емтихан билеттері бойынша білімді тексеру. Аттестаттауды қазақ тілінде де, орыс тілінде де өтуге болады.
Аттестаттаудан өткеннен кейін келесі күні Комиссия аттестаттау немесе аттестаттамау туралы негізді шешімді шығарады. Осы шешім 6 жыл ішінде әрекет ететін болады. Аттестаттан өтпеген жағдайда, сіз бір жылдан кейін қайта аттестаттан өтуге болады. Комиссия шешімін сот тәртібінде шағымдануға болады.
Маңызды: Аттестаттау туралы шешім оны шығарғаннан бастап 6 жыл ішінде жарамды болып табылады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға өтінішті беру электрондық лицензиялау порталда онлайн-қызметі арқылы жүргізіледі.
Авторизациядан және қызмет бетіне өтуден кейін, оның алдында қызмет түрін таңдауды талап етеді:
Одан кейін (ҚР Әділет министрлігі) лицензиарды таңдау, жеке деректермен өтініш алаңды толтыру және төмендегі құжаттарды қоса беру керек:
Бұдан әрі қызмет арқылы онлайн режимде (6 АЕК) мемлекеттік бажды төлеуге болады және соңында өз ЭЦҚ өтінішіне қол қоюыңыз қажет.
Лицензия 15 жұмыс күн ішінде беріледі.