Меню

Страницы

Статья

Тәуелсіздік - ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома

Биыл – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл. Айтулы дата ел мерейін асқақтатып, ұлтымыздың тұғырын нығайтатын, мерейін үстем ететін тағылымды кезең және өткен жолымызды зерделеуге жақсы мүмкіндік. Себебі, маңызды мезетте ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымыз көтерілді.

Президент мақаласын оқып шығып, алда талай өршіл мақсаттар мен біздер, яғни, жастарға айтар ой мен артар жүгінін күрмеуі терең екеніне көзім жетті. Егемендігіміздің үштағаны – Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз екені айтылдаы. Шынымен, осы күнге дейін қол жеткізгеніміз -  тарих қойнауын ақтаруға жақсы себеп.  Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің жемісін айту, ғасырдың жүгін арқалаған шежірені қопару – отызжылдықтың керегесін кеңейтіп, іргесін бекітетіні де сөзсіз.

Мақала авторы «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?» деген сұрақ әрбірімізде болу қажеттілігін айтып, шығармада жауап берілді деп ойлаймын.

Президенттің келесі қысқа мәтіні қатты ұнады:

Қазіргі пандемия және соның салдарынан туындаған дағдарыс бүкіл әлемнің бұрын болмаған жаңа сынақтармен бетпе-бет келіп отырғанын анық көрсетті. Экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, биологиялық және басқа да қатерлерге қоса, жер жүзіне жағымсыз идеологиялық вирустар да жайылып келеді. Жаһандану кезінде ел жат жұрттың ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды. Басқаша айтқанда, мәжбүрліктен емес, санасының улануы арқылы өз еркімен торға түседі. Сондықтан, жаңа заманның жақсы-жаманын екшеп, артықшылықтарын бойға сіңірумен қатар, тамырымызды берік сақтауымыз қажет. Ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден бір кепілі.

     Мақаладан соң буыныңыз қатайтып, патриоттық сезіміңіз арта түсіп, егемен еліміздің қадірін, байтақ жердің көл-көсір кеңдігі тек бізге тиесілі екенін оқып, Қасым-Жомарт Кемелұлы мақалада сөз еткендей: «Мәселе – экономикада емес, отаншылықта, заңда емес – санада»  тұжырымдамасына көзіңіз жетеді. Қысқаша айтқанда, өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ демекші, болашағымыз бүгіннен басталады, әрбірімізге қандай сала да болмасын жүктелген міндет пен сенім үдесінен шыға білейік демекшімін.

 

Шотпай Н. Баспасөз қызметі

Дата публикации
30 июня 2021
Дата обновления
30 июня 2021
Тип

Сейчас читают

25 апреля 2025
Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалуы туралы
Ақпарат
13 февраля 2025
Тіл мәртебесі – ел мерейі
13 февраля 2025
ҚР нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы