Меню

Страницы

Статья

Контрофакт дегеніміз не?

Тауар белгілерін немесе тауар белгілері иелерінің мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, материалдық пайда алу мақсатында қолданылатын ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану контрафакті болып табылады. Осы құқықбұзушылықтар ел аумағына араласқанға дейін белгілері немесе ұқсас белгілері бар тауарларды заңсыз әкелу мен тығыз байланысты. Бұл тауар таңбасы немесе ұқсас белгілердің иесінің келісімінің болмауына байланысты құқық бұзушылық деп танылады. Яғни, тауар таңбасы немесе ұқсас белгілер иесінің келісімінің болмауына байланысты тауар жалған деп танылады.

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар өтетін жерлердің атаулары туралы" Заңның (бұдан әрі-Заң) 4-бабына сәйкес, тауар таңбасының иесі өзіне тиесілі тауар таңбасын пайдалануға және оған билік етуге айрықша құқыққа ие және Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбасын оның иесінің келісімі болмаған кезде ешкім пайдалана алмайды.

Заңының 43-бабына сәйкес, осы құқық бұзылған жағдайда, тауар таңбасына айрықша құқықты немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын бұзғаны үшін, оның ішінде оларды орналастырғаны не тауарға немесе оның орамына айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгіні орналастырғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1032-бабына сәйкес, кінәлі тұлға бұзушылықты дереу тоқтатып, тауар белгісінің иесіне келтірілген залалды өтеуге міндетті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде "контрафактілік тауар" ұғымы түпнұсқа да, жалған да тауарларғажататынын ескерген жөн. Алайда, тауар белгілері иесінің айрықша құқықтарын қорғау тәртібі" Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодексінің  461-бабына сай, тауар белгісін зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу тәртібін сақтау арқылы жүзеге асырылады. Тауар белгілерін немесе тауар белгілері иелерінің құқықтары бұзылған жағдайда, азаматтық ісжүргізу бойынша сотқа, сондай-ақ уәкілетті органдарга құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Тауар таңбасының иесіне немесе ұқсасбелгілерге ірі залал келтірілген жағдайда қылмыстық жауапкершілік көзделген.

 

 

Зияткерлік меншік құқығы бөлімі

Дата публикации
24 мая 2021
Дата обновления
24 мая 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

25 апреля 2025
Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалуы туралы
Ақпарат
13 февраля 2025
Тіл мәртебесі – ел мерейі
13 февраля 2025
ҚР нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы