Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінің Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын негізге ала отырып, макулатураны пайдаға асыру жұмыстарын жүргізуде. Осының негізінде, ғимарат ішінде макулатураны жинау үшін арнайы жәшіктер орналастырылған. Департамент «Clean City» NC ЖШС-мен келісім-шарт жасасып, өтеусіз негізде қауіпсіздік талаптарын сақтап, қайта өңдеуге жіберу жұмыстарын жүргізеді. Атқарушылық құжаттарды қайта өңдеуге беру актісі арқылы макулатура өткізіліп, кейін компания жиналған макулатура санын және алынған өнім туралы хабардар етеді. Айтатын болсақ, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 1 тоннадан астам макулатура қайта өңдеуге жіберілген.