Мемлекеттік тіл мемлекеттік органда.
Әрбір тәуелсіз мемлекеттің заман талабына сәйкес өз мемлекеттік тілі болуы қажет.
Осыған байланысты, елімізде қолданатын тілдерді бір жүйеге келтіру және оны дұрыс бағытта қолдану мақсатында «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылы 11 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген.
Аталған заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының тілдердің құқықтық негiздерiн көрсете отырып, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, сонымен қоса Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауға шақырады.
Сонымен қоса мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар аталған Заңмен реттейтiн мәселе болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi ол қазақ тiлi деп айтылған.
Мемлекеттiк тiл ол мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру ол Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы болып саналады.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi екендігін аталған заңмен көрсетіледі.
Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.
Қазақстан Республикасының азаматының ана тiлiн қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына құқықтары бар.
Мемлекет өз тарапынан Қазақстан халқының тiлдерiн оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызу жөнiнде қамқорлық жасайды.
Ұлттық топтар жинақты тұратын жерлерде iс-шаралар өткiзiлген кезде олардың тiлдерi пайдаланылуы мүмкiн екендігі аталған заңда көрсетілді. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi.
Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң және басқа да тiлдердiң қолданылуына және оларды үйренуге кедергi келтiретiн лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Бүгінгі күні Әділет департаменті тарапынан зияткерлік меншік саласы бойынша мемлекеттік огандармен және департаментінің ішкі бөлімдерімен хат алмасу тек қана мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Құрметті оқырмандар Сіздерді өз мемлекеттік тілімізді құрметтеуге және оның жанашыры болуына шақырамын.
Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі
бөлімінің бас маманы Т. Шахабаев