Нотариаттық қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу.
Жекеше нотариустың көрсететін қызметтерге тарифтер екі құрамдас бөліктен тұрады: нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін (Салық кодексінің 611-бабында белгіленген мемлекеттік баж мөлшеріне сәйкес келеді) және нотариаттық іс-әрекеттер түрлеріне қарай құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер үшін "Нотариат туралы" Заңның (бұдан әрі-заң) 30-1-бабында белгіленген ақы төлеуден құралады.
Құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтерді әрекеттер деп Заңның 17-бабы 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілген келесі көрсетілген іс-әрекеттерді түсіну керек., атап айтқанда мәмілелер жобаларын, өтініштер мен басқа да құжаттарды жасау, құжаттардың көшірмелері мен олардан үзінді көшірмелер жасау, нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелері бойынша кеңес беру жатады.
Демек, нотариустар жоғарыда аталған іс-әрекеттер нақты жасалған жағдайда ғана құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтерге ақы төлеуді талап етуге құқылы.
Құқықтық және техникалық сипаттағы көрсетілетін қызметтерге бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені қолдана отырып, жеке басты сәйкестендіруді және басқа да мәліметтерді тексеруді жүргізу, сондай-ақ жасау міндеті нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де іс-әрекеттер жасалғаны жатқызыла алмайды.
"Нотариат туралы" ҚР Заңының 30-1-бабының 2-тармағымен құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтерден босатылуға жататын азаматтар тобы нақты белгіленген. Олар: нотариаттық куәландыруға жататын құжаттың жобасын өз бетінше дайындаған жеке және заңды тұлғалар; қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар; 1 және 2-топтағы мүгедектер; жасына байланысты зейнеткерлер болып табылады.
Осы аталған тұлғалар жекеше нотариусқа ҚР Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік баж мөлшеріне сәйкес келетін тарифтерді ғана төлейді.
Келесі тұлғалар санаты мемлекеттік баж төлеуден босатылады, олар- Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық іс – әрекеттер бойынша – оралмандар, "Қазақстан мүгедектерінің ерікті қоғамы" одағы (БСҰ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚҚО), Қазақ соқырлар қоғамы (ҚОҚ), сондай-ақ олардың өндірістік кәсіпорындары барлық нотариаттық іс – әрекеттер бойынша, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар он сегіз жасқа толғанға дейін оларға мұрагерлік құқығы туралы куәліктер бергені үшін.
Келесі көрсетілген азаматтар нотариустарда тегін қызмет ала алады, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі, "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар, қорғаншылық тағайындалған созылмалы жан дертімен ауыратын жеке тұлғаларға.
Нотариустың еңбегіне ақы төлеу мөлшері мәміледегі тараптардың санына қарамастан айқындалатынын атап өткен жөн.
Нотариус көпжақты мәмілені куәландырса, тараптардың бірі нотариаттық іс-әрекет немесе құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер жасағаны үшін ақы төлеуден босатылған жағдайларда, тиісті шығыстарды жеңілдіктері жоқ тарап жүргізеді. Төлемнен толық босату мәміленің барлық тараптары азаматтардың жеңілдікті санаттарына жататын кезде ғана жүзеге асырылады.
Бұл ретте нотариус қызметіне ақы төлеуден босату тізбесі Салық кодексінің 617-бабында және Заңның 30-1-бабының 2-тармағында көзделген жеке тұлғаларға тікелей қатысы бар нотариаттық іс-әрекеттер бойынша ғана жүргізіледі.
Егер аталған адамдар сенімхат немесе басқа өкілеттік бойынша басқа адамдарға, оның ішінде заңды тұлғаларға қатысты құжаттарды нотариаттық куәландыруға өтініш жасаса, нотариус оларды өз қызметтерін төлеуден босатпайды.
Нотариаттық Тарифтердің мөлшері туралы барлық ақпарат жекеше нотариустардың кеңселерінде орналастырылған, осылайша, әркімнің олармен танысуға мүмкіндігі бар.