Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік тілді дамыту және қолдану туралы

Мемлекеттік тілді дамыту  және  қолдану туралы.

Құрметті оқырман!

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам өзінің ана тілін, мемлекеттік тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз бұрмалануына қарсы тұруы тиіс.

Мемлекетімізде тілге қатысты 1997 жылдың 11 шілдесінде«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»Заңы қабылданған. (Бұдан әрі-Заң)

Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз ететіні туралы  айтылған.

Ал осы  Заңның   мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтіні туралы  көрсетілген.

 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi делінген.

      Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы екендігі   көрсетілген.

      Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:

      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;

      Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;

      қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi екені айтылған.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін, бірақ мұндай  дәрежеге жету үшін   бәріміз  даңғаза  жасамай, жұмыла  жұмыс  жүргізуіміз керек»  - деп, алдағы уақытта қазақ тілінің мәртебесі артатыны туралы айтылды.

Сонымен қоса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың  2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты: қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.Мемлекет әрбір азаматын қазақ тіліне оқытуға мүдделі.

Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіліміз – ең басты байлығымыз. Менің пікірім әрбір Қазақстандық азамат оны білу керек деп есептеймін.

Сөз соңында өзімнің мақаламды мемлекеттік тілді дамыту үшін бар­лы­ғы­мыз бір ауыздан ат салыссақ демекпін Құрметті оқырман!,мақаламды Қадыр Мырза Әли ағамыздың өлең шумағымен аяқтағым келеді

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!.

 

Оқығандарыңызға  көп рахмет!!!

Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі  бөлімі.

                     

Дата публикации
18 января 2021
Дата обновления
18 января 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

25 апреля 2025
Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалуы туралы
Ақпарат
13 февраля 2025
Тіл мәртебесі – ел мерейі
13 февраля 2025
ҚР нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы