Коронавирус пандемиясы Департамент жұмысына қалай әсер етті?
Соңғы айлардың жаңалықтарының басты тақырыбы - коронавирус пандемиясы болып табылады. Пандемияның салдары халықтың денсаулығына ғана емес, мемлекеттік органдардың жұмысына да әсерін тигізгені анық.
COVID-19 таралуы көпшіліктің жұмысқа деген көзқарасын өзгертуге мәжбүр етті, өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті бұл жағдайдан тыс қалмады.
Заманауи технологиялардың арқасында, шамамен толық құрамда қашықтықтан жұмыс істей отырып, Департаменттің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілді.
Осылайша, кадр қызметі толығымен электронды тәртіпте жұмысын атқарды, атап айтқанда бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстық рәсімдер.
Өтініш берушілердің өтініштері, олармен сұхбаттасу және бақылаушылардың қатысуы онлайн форматта қамтамасыз етілді. Конкурс нәтижесі бойынша әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға 3 сот орындаушысы, 3 бас маман және 2 жетекші маман қабылданды.
Қазіргі уақытта Департамент басшылығымен азаматтарды жеке қабылдау, аппараттық және жедел кездесулер электронды форматта өткізіледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылды.
Құқықтық көмек және ақпарат алуды жеңілдету мақсатында онлайн-кеңес алуға арналған қызметкерлердің байланыс деректері әлеуметтік желілерде және ресми сайтта орналастырылған. Осыған орай, телефон байланысы арқылы қызмет көрсету сапасын бақылау шеңберінде телефондық сөйлесуді тіркеу жүйесі жұмыс істейтінін атап өткен жөн.
Сондай-ақ, Instagram желісіндегі ресми парақшада (@nur_sultan_adiletgovkz) Департамент қызметіне қатысты тікелей эфирлер тұрақты түрде өткізіліп отырады, бұл жерде қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша барлық азаматтар онлайн кеңестер ала алады.
Шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты адвокатура, нотариат және жеке сот орындаушылар саласы бойынша аттестаттау ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны мен үшінші тоқсан аралығында жүргізілмеді. Алайда, өтініш берушілерден және азаматтардан түскен өтініштердің көп келуін ескере отырып, 28 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Департамент 67 үміткерге аттестаттау жүргізді. Оларды жүзргізу барысында қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылданды, әрбір үміткер мен аттестаттау комиссиясының мүшелері жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілді.
Бүгінгі күнде Департамент заңды тұлғаларды тіркеу және апостиль қоюға байланысты, 10305 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Айта кететін жайт, өтініш берушілер мемлекеттік қызметтердің жекелеген түрлері бойынша дайын құжаттарды қағаз түрінде алады.
Осыған байланысты, Департаментпен мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жіберілдді, атап айтқанда QR кодтар мен электронды мөртаңбаларды енгізуге байланысты.
Карантиндік шаралар кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласы атқару аумағының жеке сот орындаушыларының қызметіне жоспардан тыс және жоспарлы бақылау тоқтатылған болатын.
Азаматтардың жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне/ әрекетсіздігіне өтініштерін қарау кезінде тиісті бақылауды жүзеге асыру және өтініш берушілер тарапынан наразылықты болдырмау мақсатында, атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы, барлық мәжбүрлеу шараларын қабылдау және процессуалдық құжаттарды тіркеуді тексеру үшін алимент төлемдерін өндіру бойынша проблемалық атқарушылық іс жүргізудің жүйелі мониторингі жүргізілді.
Мониторинг нәтижесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына тәртіптік іс қозғау үшін 30 ұсыныс жіберілді, нәтижесінде 46 жеке сот орындаушы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау қашықтықтан жүзеге асырылады.
Осылайша, карантиндік шараларды жүзеге асыру басқару процесін автоматтандыруға және тұтастай алғанда оның форматының өзгеруіне ықпал етті.
Атқарушылық іс жүргізу үдерісін оңтайландыру мақсатында Әділет министрлігімен Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, Мемлекеттік кірістер комитетімен және Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірлесіп, атқарушылық құжатты мәжбүрлі түрде орындауды электронды форматта жіберуге қатысты келісім жасалды.
Сондай-ақ, өндіріп алу тиімділігін арттыру шеңберінде Департаментпен, Әділет министрлігіне және жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жолданды.
Сот орындаушыларымен карантиндік іс-шараларды орындау мақсатында бірқатар мәжбүрлеу шаралары онлайн форматта жүргізіледі: борышкерлердің мүлкіне тыйым салу және оларды алып тастау, борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттамалар жасау, борышкерден түсініктеме сұрау және т.б. Сондай-ақ, сот ісі онлайн форматқа көшті, бұл қызметкерлердің уақытын үнемдейді және сот орындаушыларының да, атқару өндірісі тараптарының да қашықтықтан қатысуын қамтамасыз етеді.
Қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, сотпен мемлекеттік сот орындаушылары жасаған хаттамаларға сәйкес 154 борышкерді сот актісінің талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Нұр-Сұлтан қаласында мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында 365 адвокат жұмыс істейді, және карантин кезеңінде үздіксіз жұмыс істеу арқасында оның ұсынылуын қамтамасыз етті.
Қала нотариустары сол кезеңде өз қызметін алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырды. Осының арқасында елорда тұрғындарымен қажетті нотариаттық қызметтерді алуға мүмкіндігі болды.
Атқарушылық жазба жасауды енді қашықтық форматта «E-notary» порталы арқылы алуға болатындығын ескеру қажет. Нотариус портал мен атқарушы органдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арасындағы өзара іс-қимылдың электронды форматының арқасында сот орындаушысына атқару парағын жібереді, бұл азаматтарға өз уақыттарын едәуір үнемдеуге және инфекцияданудың мүмкін қаупін алдын алуға мүмкіндігін береді.
Пандемия кезінде нотариустар, адвокаттар және жеке сот орындаушылар онлайн тәртіпте консультациялар жүргізеді және елорда тұрғындарына тұрақты түрде телефон арқылы заң көмегін көрсетеді.
Пандемия кесірінен туындаған қиындықтар мен кемшіліктер мемлекеттік органдарға жұмыс істеyге жаңа мүмкіндіктер мен құралдар берді.
Мемлекет басшысы атап өткендей кез-келген дағдарыс өз артынан сабақ алуды қажет етеді. Біз барлығымыз осы дағдарыс пен пандемиядан сабақ аламыз, және оларды жеңу үшін заман талабына сай өзгеріп отыруымыз керек.
Егер Сізде Департамент жұмысына қатысты қандай да бір ұсыныстар мен ескертулер болса, 39-12-13 телефонына және ресми интернет-ресурстарға (instagram:@nur_sultan_adiletgovkz, facebook:@adilet.dep) жүгіне аласыз.