Меню

Страницы

Статья

Латын әліпбиіне көшу

      

Латын әліпбиіне көшу

  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалғанымызды атап кеткен.          

         «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 26 қазанында №569 Жарлығына сәйкес қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшу бастама алды.

        Аталған жарғыға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылдың 14 қарашасындағы № 153-ө өкімімен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) құрылды.

        Ұлттық комиссия қызметінің мақсаты қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру, мемлекеттік тіл саясатын іске асыру және мемлекеттік тілді енгізу тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылатындығын атап өтеміз.

        Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы      13 наурызындағы № 27 өкімімен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс шаралар жоспары  бекітілді. Жоспар 2018 – 2025 жыл аралығын қамтып, қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшуі 3 кезеңге (бірінші кезең: 2018 – 2020 жылдар, екінші кезең: 2021 – 2023 жылдар, үшінші кезең: 2024-2025 жылдар) бөлінді.

«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Әділет департаментінің құзыретіне коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жатады.

        Осы ретте, қазірге таңда Әділет департаментіне заңды тұлғалар атауының латын әліпбиіне ауысуына байланысты мемлекеттік қайта тіркеуге құжаттар түсуде, сондай-ақ жаңа заңды тұлғалардың атаулары латын әліпбиімен жазылуы жиі кездесуде.

        Қорыта келе латын әліпбиіне көшу – еліміздің алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп - өркендеуіне, болашақта еліміздің жан - жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз.   

        Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ. 

Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік

қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің

бас маманы

Қабышев Ғ.Е.

 

Дата публикации
09 октября 2020
Дата обновления
09 октября 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

25 апреля 2025
Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалуы туралы
Ақпарат
13 февраля 2025
Тіл мәртебесі – ел мерейі
13 февраля 2025
ҚР нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы