Меню

Страницы

Статья

Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің бюджеттік қаражатты игеру тиімділігі

Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің  бюджеттік қаражатты игеру тиімділігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік басқару, кадр саясаты, шешімдер қабылдау және орындау жүйесіне өзгертулер енгізу қажеттілігі айтылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мақсаттарға қол жеткізудің тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес, бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі – неғұрлым аз шығынмен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу шығындарын өлшеу нәтижелерімен анықталады.

Бұл көрсеткіш өнімділігі мынадай нәтижелерден құралады.

Штат санын және штаттан тыс қызметкерлерді оңтайландыру Департаментте 131 «Техникалық персоналдың еңбекақысын төлеу» ерекшелігі бойынша 9,0 млн. теңгеге  және 111 «Еңбекақы төлеу » 5,6 млн. теңгеге үнемделіп,  осы үнемдеу мемлекет тарапынан бөлінетін қосымша қаржыландыруды шектеп,  серверлік үй-жайларды, кіреберіс есікті ағымдағы жөндеуге  бағытталды.

2020 жылы қызметтік көлікке қызмет көрсету және күтіп ұстау бойынша шығындарды қысқарту үшін жұмыстар жүргізілді. Осы бағыт бойынша жоспарлы шығындар 16,3 млн. теңгені құрады.  Таксиге көшу арқылы 13,2 млн. теңге үнемделіп, 8 айда такси қызметіне жұмсалынған нақты шығындар барлығы 1,2 млн. теңгені құрады.

Сондай-ақ, құрылымды оңтайландыру екі әкімшілік ғимаратты босатуға мүмкіндік беріп, Департаменттің жұмысы негізгі ғимаратқа  орналастырылды. Бұл коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылу және сумен жабдықтау бойынша шығындарды 2,2 млн. теңгеден артық сомада үнемдеуге әкелді.

Хаттарды ГЭП (гибридті-электрондық пошта) арқылы жіберу, почта жөнелтілімдері, интернет, арнайы байланыс, телефон байланысы  бойынша шығындар 2,3 млн. теңгеге қысқарды.

Конкурс өткізу кезінде объектіні күзету қызметі бойынша сатып алуға бөлінген жоспарлы қаражат сомасы 8,0 млн. астам теңге, нақты көрсеткіш 4,9 млн. теңге, осы қызмет бойынша үнемдеу  3,1  млн. астам теңгені құрады.

Тиімділік көрсеткіші деп санауға болатын тағы бір факт, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жекелеген функцияларын бергеннен кейін барлық негізгі құралдар 100% тозуы есептен шығарылмай, басқа да мемлекеттік органдарға заңнамаға сәйкес өтеусіз негізде беріліп, яғни пайдаланылуы жалғастырылды.

Сонымен қатар, 2020 жылы активтер (жиһаздар, компьютерлер, кеңсе жабдықтары) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар көркемсурет мектебі-Юнеско клубы» МКҚК, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Технологиялық колледжі» МКҚК, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№3 Саз мектебі» МКҚК, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 өнер мектебі» МКҚК, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  «Балалар мен жасөсіпірімдердің туризм және өлкетану орталығы» МКҚК-ға коммуналдық меншікке берілді.

Департамент ЖШС "Clean City" NC-пен  келісім бойынша өтеусіз негізде ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, макулатураны пайдаға асыру жүргізіледі, осының негізінде ғимарат ішінде жинау үшін арнайы жәшіктер орналастырылған. Кейін компания жиналған макулатура санын және алынған қайталама өнім туралы хабардар етеді.

Қазіргі таңда, Департаментте бюджеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін оңтайландыру және арттыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Қаржы және материалдық-техникалық

қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Ж.Уалиева

 

Дата публикации
24 сентября 2020
Дата обновления
24 сентября 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

25 апреля 2025
Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалуы туралы
Ақпарат
13 февраля 2025
Тіл мәртебесі – ел мерейі
13 февраля 2025
ҚР нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы