Мемлекет басшысының құқықтық және цифрлық сауаттылықты арттыру жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында және түрлі ресми жиындарда халықтың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Бұл – еліміздің заманауи, әділетті әрі цифрлық қоғам құру жолындағы маңызды басымдықтарының бірі.
Құқықтық сауаттылық – әділетті қоғамның негізі.
Президент пәрменімен қабылданған бірқатар стратегиялық құжаттарда халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кешенді шаралар көзделген. Атап айтқанда:
Құқықтықбілімберу бағдарламалары мектептер мен жоғары оқу орындарында кеңейтіліп, заң негіздері мен азаматтық құқықтар туралы пәндер жаңартылды;
«Халықзаңгері» сияқтыжобалар арқылы ел тұрғындарына тегін заңдық кеңес беру жолға қойылды;
Мемлекеттікоргандардыңашықтығы мен есептілігі артып, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау процесі цифрлық форматқа көшірілді.
Бұл шаралар азаматтардың өз құқықтарын білуіне, құқықтық мәдениеттің дамуына, сонымен қатар заң алдындағы жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді.
Цифрлық сауаттылық – болашаққа бастар жол
Цифрлық технологиялар ғасырында цифрлық сауаттылық – әрбір азамат үшін қажетті құрал. Президент тапсырмасына сәйкес, бұл бағытта да бірқатар нақты қадамдар жасалды:
«ЦифрлықҚазақстан» бағдарламасыаясында ауылдық елді мекендер интернетпен қамтылып, цифрлық қызметтерге қолжетімділік артты;
Мемлекеттікқызметтердің 90%-данастамы eGov.kz порталы арқылы көрсетілуде;
Цифрлықсауаттылықкурстары мен тренингтері ұйымдастырылып, түрлі әлеуметтік топтарға арналған арнайы бағдарламалар енгізілді;
Мектепоқушыларымен студенттерге арналған IT және кодтау сабақтары енгізіліп, цифрлық білім беру кеңейтілді. Президент пәрменімен жүзеге асырылып жатқан бұл бастамалар Қазақстанның цифрлық трансформациясының негізін қалауда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан құқықтық және цифрлық сауаттылықты арттыру жөніндегі шаралар еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, әрбір азаматтың өз құқығы мен міндетін терең түсінуіне, цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануына жол ашуда. Бұл – Жаңа Қазақстан құру жолындағы маңызды қадамдардың бір.