Аттестаттауға жіберілген жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың тізімі

Аттестаттауға жіберілген жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың тізімі:

  1. Амрин Б.Е.
  2. Абишева Ж.И.
  3. Сарсенов К.А.
  4. Асанова С.С.                        

Аттестаттауды өткізудің күні – 2020 жылдың 05 қарашада, сағат 10:00, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс д-лы 15, 4 қабат мекен-жайында орналасқан, Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің ғимаратында.

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған компьютерлік тест тапсыру;

2) үміткердің білімін әңгімелесу түрінде тексеру.

Үміткер өзінің таңдауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тілінде өтуге құқылы.

Тестілеу компьютерлік техника пайдаланыла отырып жүргізіледі.

Аттестаттау нәтижелері бойынша жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия аттестаттау өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей аттестаттаудан өткені не өтпегені туралы уәжді шешім шығарады.

Аттестаттаудан өту кезінде үміткердің анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиет, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бір жазбалар пайдалануына жол берілмейді.

Көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан шеттетіледі, бұл туралы Комиссия отырысының хаттамасында тиісті жазба жасалады.

Аттестаттаудан шеттетілген үміткер жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия шешім шығарған күннен бастап үш ай өткен соң осы Заңда көзделген тәртіппен аттестаттауға жіберу туралы қайта өтініш беруге құқылы.

Аттестаттауға дәлелді себеппен келмеген үміткер осы баптың 5-тармағында көзделген тәртіппен жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның келесі отырысына шақырылады.

Үміткер қайта келмеген жағдайда оның өтініші қаралмайды және ол ұсынған құжаттармен бірге қайтарылады.

 

Байланыс телефоны: 8 (7172) 32 40 92

Жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру бөлімі

 

 

Аттестаттауға жіберілген жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың тізімі
Дата публикации
29 октября 2020