Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер азаматтарды аттестаттаудан өткізу бойынша өтініштерді 2020 жылдың 21 - 28 қазан аралығында қабылдайды

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңңын (Бұдан әрі – Заң) 141-1 бабы 2 тармағына сәйкес жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін тұрғылықты жері бойынша тиісті жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары арқылы өзін аттестаттауға жіберу туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттармен қоса жібереді.

Заңңын 141  бабы 1 тармағына сәйкес тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарында құрылатын, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияларда аттестаттаудан өтеді.

Заңының 141-1 бабының 7-тармағына сәйкес, аттестаттау екі кезеңнен тұрады: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған компьютерлік тест тапсыру; 2) үміткердің білімін әңгімелесу түрінде тексеру.

Өтініштерді қабылдау "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкесаталған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметстандартының2-қосымшасынасәйкес нысан бойынша жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтугежіберу туралы өтініш;

2) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 3-қосымшасынасәйкес мәліметтер нысаны:

      дипломының бар екендігі туралы;

      тағылымдамадан өткендігі туралы;

3) наркологиялықжәне психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар.

 Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

Байланыс телефоны: +7 (7172) 32-31-22, +7(7172)32-40-92, +7(701)150-77-71.

Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі

Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер азаматтарды аттестаттаудан өткізу бойынша өтініштерді 2020 жылдың 21 - 28 қазан аралығында қабылдайды
Дата публикации
21 октября 2020