Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот орындаушысы борышкердің мүлкін кейіннен сауда-саттықта өткізу үшін сипаттауы мүмкін. Қандай мүлікті өндіріп алуға болмайды? Атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алу бірінші кезекте борышкердің ақшалай қаражатына қарай жүргізіледі. Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша сомасы болмаған жағдайда, өндіріп алу борышкерге тиесілі басқа мүлікке қолданылады.Бұл ретте "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабында заң шығарушы атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алуға болмайтын мүліктің нақты тізбесін айқындағанын білу қажет:
1.Үй жасауының заттары, керек-жарақтар:
а) аң терісінен тігілген және басқа да бағалы киімдерді (егер ең төмен күнкөріс деңгейін қамтамасыз ету үшін оны алмастыра алатын өзге де киім-кешек бар болса), асхана сервиздерін, бағалы металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдік құндылығы бар заттарды қоспағанда, пайдаланып жүрген киім-кешек, аяқ киім, іш киім, төсек-орын жабдықтары, ас үй және асхана керек жарақтары;
б) борышкер мен оның отбасы мүшелеріне ең аз мөлшерде қажетті жиһаз (әр адамға бір төсек пен бір орындық, отбасын бір үстел, бір шкаф және бір сандық);
в) балаларға арналған барлық керек-жабдықтар.
2.Егер борышкердiң негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болса, борышкер мен оның отбасы үшiн жаңа астыққа дейiн қажетті мөлшердегі тамақ өнiмдерi, шаруашылық құрылыстары және борышкер мен оның отбасының қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға қажеттi мөлшердегі үй малы, сондай-ақ малға арналған жем-шөп, ал басқа жағдайларда - тамақ өнiмдерi және жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын мөлшердегi ақша.
3.Тамақ дайындауға және отбасының тұрғын үй-жайын жылытуға арналған отын.
4.Борышкер соттың үкімімен белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе ол құрал-сайманды қылмыс жасау үшін пайдаланған жағдайларды қоспағанда, борышкердің кәсіби кәсібін жалғастыруына қажеттіқұрал-сайман (оның ішінде оқу құралдары мен кітаптар).
5.Мүгедектердің жүріп-тұруына арнайы арналған көлік құралдары.
6.Борышкер марапатталған халықаралық, мемлекеттік және өзге де жүлделер.
Сот орындаушысы барлық өзге мүлікке атқарушылық іс жүргізу шеңберінде өндіріп алуға құқылы.