Қазақстана Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі – ҚРӘҚБтК) 804-бабына сәйкес, мемлекеттік сот орындаушылар 665, 667, 669 бірінші тармағы және 673 баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар. Астана қаласы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушыларымен 2022 жылы жеке сот орындаушыларының ұсынысы негізінде 374 борышкерлерге әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде 337 (45 қамауға алынды, 292 айыппұл салынды), хатама бойынша борышкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алимент санаттары бойынша 166 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде 161 (40 қамауға алынды, 121 айыппұл салынды) хаттама бойынша борышкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 3 сотпен қысқартылды, 2 соттың қарауында. Департаменттің мемлекеттік сот орындаушыларының борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысы ағымдағы жылы жалғастырылатын болады.