GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
21 октября 2026
Республика күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №32 кітапхана бөлімшесінде Республика күніне орай «Еркіндік, ұлт пен ел — мәңгілік Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға жоғары санатты кітапхана қызметкері Утеулина Әлия Тоғайбекқызы мен Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты.

Кездесу ел тәуелсіздігі мен мемлекеттілік құндылықтарын дәріптеуге, ұлттық бірлік пен отансүйгіштік сезімін нығайтуға арналды. Республика күніне арналған дөңгелек үстел қатысушыларға елдік пен егемендіктің маңызы жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік берді.

21 октября 2026
Алматыда сот шешімі негізінде 515 мыңнан астам бөтелке алкоголь өнімі жойылды

 Алматы қаласында заңды күшіне енген сот қаулысы негізінде тәркіленген 515 512 бөтелке (21 816 қаптама) алкоголь өнімі жойылды.

Аталған іс-шара сот актісінің толық әрі тиісінше орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының мемлекеттік сот орындаушысы қозғаған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде өткізілді.

Алматы облысы Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 30 шілдедегі қаулысы алкоголь өнімдерін жоюға негіз болды.

Сот қаулысына сәйкес, заңды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 283-1-бабының 5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Істі қарау нәтижесінде сот заңды тұлғаға 865 000 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындап, алкоголь өнімдерін тәркілеу және кейіннен жою туралы шешім қабылдады.

Аталған сот актісін орындау мақсатында 2026 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласының мемлекеттік сот орындаушысы тиісті атқарушылық іс жүргізуді қозғады.

2026 жылғы 20 қазанда Алматы қаласы, Бурундай тасжолы, 1-шақырым, 1В мекенжайында орналасқан «ЭКО Green» ЖШС аумағында жалпы саны 515 512 бөтелкені құрайтын тәркіленген алкоголь өнімдері жойылды.

Өткізілген іс-шара сот актілерінің міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға бағытталған шаралардың іс жүзінде жүзеге асырылуының нақты нәтижесі болып табылады.

Алматы қаласының Әділет департаменті заңды күшіне енген сот актілерін мүлтіксіз орындау заңдылықты қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті нығайтуға, мемлекет пен қоғамның заңды мүдделерін қорғауға бағытталған құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі екенін атап өтеді.

Алматы қаласының Әділет департаменті заңнамада берілген өкілеттіктер шеңберінде сот актілерінің уақтылы, толық әрі тиісінше орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі

21 октября 2026
Алматыда Әділет министрінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Е.Ж. Сәрсембаевтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Жиында аумақтық әділет органдарының тоғыз айдағы қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары қаралды.

Кеңеске Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Ернар Сейдімбек, сондай-ақ Алматы және Жетісу облыстарының әділет департаменттерінің басшылары қатысты.

Жиын барысында департамент басшылары есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы баяндап, қызметтің негізгі бағыттары бойынша қол жеткізілген нәтижелерді таныстырды. Сонымен қатар алдағы кезеңде іске асырылуы жоспарланған жұмыстарға тоқталды.

Кеңес аясында әділет органдары қызметінің өзекті мәселелері мен басым бағыттары талқыланып, аумақтық департаменттердің жұмысын одан әрі ұйымдастыру мәселелері қаралды.

21 октября 2026
№72 мекемеде сотталушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған кездесу өтті

Республика күні қарсаңында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында №72 мекемеде сотталғандармен құқықтық түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға арналды.

Кездесуге Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары А. Космуратова мен А. Оразбаков, сондай-ақ мемлекеттік сот орындаушылары А. Мусаханова мен Г. Құсбек қатысты.

Кездесудің негізгі бағыты — сотталғандарға құқықтық мәселелер бойынша түсінікті ақпарат беру, заң талаптарын сақтаудың маңызын жеткізу және өз құқықтарын заңда белгіленген тәртіппен қорғау туралы түсініктерін кеңейту. Адвокаттар мен мемлекеттік сот орындаушыларының қатысуы құқықтық түсіндіру жұмысын олардың кәсіби қызметінің бағыттарымен байланыстыра жүргізуге мүмкіндік берді.

Құқықтық сауаттылықты арттыру — азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуінің маңызды шарты. Бұл бағыттағы кездесулер заң алдындағы жауапкершілікті сезінуге, құқықтық мәселелерді заңды жолмен шешуге және қоғамда қалыптасқан құқықтық нормаларды құрметтеуге ықпал етеді.

Аталған іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясының негізгі қағидаттарын түсіндіруге және сотталғандар арасында құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған жұмыстың бір бөлігі болды.

21 октября 2026
Департамент қызметкерлері шахмат турнирінде ІІ орын иеленді

Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер арасында өткен «Government Chess Cup 2026» шахмат турнирінің Алматы қаласы бойынша өңірлік кезеңіне қатысып, ІІ орынға ие болды.

Турнир мемлекеттік қызметшілер арасында шахматты насихаттауға, зияткерлік қабілеттерді дамытуға және әріптестік байланысты нығайтуға бағытталды.

Әріптестерімізді жүлделі орындарымен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!

21 октября 2026
Aлматыда Әділет органдары күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Алматы қаласының Әділет департаментінде Әділет органдары күніне орай салтанатты жиын өтті.

Іс-шара барысында Департамент басшысы әділет саласының дамуына үлес қосып, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген департамент қызметкерлерін, адвокаттарды, нотариустарды, заң консультанттарын және жеке сот орындаушыларын Алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ бірқатар қызметкерге Алматы қаласы әкімінің атынан Алғыс хаттар табысталып, олардың кәсіби еңбегі мен әділет саласына қосқан үлесі атап өтілді.

Мерекелік жиын аясында сала өкілдеріне «Әділет» партиясы атынан да Алғыс хаттар табысталып, кәсіби мерекеге орай ізгі тілектер айтылды.

Салтанатты іс-шара әділет саласы қызметкерлерінің еңбегін ұлықтап, заң үстемдігін қамтамасыз ету мен азаматтардың құқықтарын қорғау жолындағы қызметінің маңызын айқындады.

21 октября 2026
Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер жәрмеңкесіне қатысты

Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған мемлекеттік қызметшілер жәрмеңкесіне қатысты.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар тәжірибе алмасты. Сондай-ақ кәсіби байланыстарды нығайтуға және өзара ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік алды.

Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

20 октября 2026
Тегін заң көмегін алу тәртібі түсіндірілді

Алматы қаласында азаматтарға тегін заң көмегін алу тәртібін түсіндіруге арналған брифинг өтті.

Іс-шара барысында тегін заң көмегін алу шарттары, көмекке жүгіну жолдары және оны көрсететін мамандардың қызметі туралы ақпарат берілді. Азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндіктеріне назар аударылды.

Брифинг халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тегін заң көмегінің қолжетімділігі туралы хабардар етуге бағытталды.

22 сентября 2026
Алименттік берешегі бар азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылды

Алимент төлеу бойынша берешегі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері қатысып, алименттік міндеттемелерді орындау, берешекті өтеу және атқарушылық іс жүргізу аясындағы мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілерге қолжетімді бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Аталған шаралар алимент бойынша берешегі бар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал етіп, алименттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге және балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

22 сентября 2026
"Таза Қазақстан" аясында сенбілік өтті

Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күні қарсаңында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы қаласы Әділет департаментінің ұжымы сенбілікке қатысты.

Экологиялық шараға Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Е.А. Сейдімбек бастаған департамент қызметкерлері атсалысты.

Сенбілік барысында аумақты тазалау, абаттандыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында жұмыстар жүргізілді. Департамент қызметкерлері ортақ іске белсенді қатысып, қаланың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

«Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және қоғамда экологиялық құндылықтарды кеңінен насихаттау.

Осындай шаралар қала тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және туған қаланың көркеюіне ортақ үлес қосуға үндейді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы